Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тіршілік көзінен ада ауылдар бар

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2020
  • 2622

Ақтөбеде тіршілік көздерінен ада қалған ауылдар бар. Қала іргесіндегі Қуралы-2 елді-мекені жарықсыз, ауыз сусыз, тіпті көгілдір отынсыз отыр. Коммуникация мәселесі ауылда үш жылдан бері шешілмей келе жатыр. Ауыл халқының шенеуніктерге өкпесі қара қазандай. Шенділер мәселені шешуге құлықсыз дейді. Тараптарды тындаған әріптесімнің репортажы.

Айгүл Елемесова жеті баланың анасы. Отбасы биыл жаңа үйлерінде қыстап шыққан. Қала іргесінде тұрсақ та, өлместің күнін кештік дейді. Ошаққа от жағып, суды көрші ауылдан тасып ішкен.

Айгүл ЕЛЕМЕСОВА, ҚУРАЛЫ-2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ана жақтағы көршіге барып телефонымызды қуаттадық, өйткені бізде жарық жоқ. Суды көрші ауылдан тасып отырмыз. Өте қиын. Кезінде екі жыл ішінде үй салмасаңдар жерді тартып аламыз деп қорқытты. Енді міне отырысымыз. 

Бұл ауылдан 2017 жылы жүз елуге жуық жер телімі кезектергілерге берілген. Артынша үй салмасаңдар жерді қайтып аламыз деп қорқытқан соң, халық қарызданып-қауғаланып жаппай баспана тұрғызыпты. Бірақ көпшік әлі күнге үйіне кіре алмай отыр. 

Ұлжан ҚАЛЖАНОВА, ҚУРАЛЫ-2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Свет, газ. Суды тартып берсін. Ең бірінші сол. Құр уәдені бермеңіздер. Сұрайтынымыз сол.


Данияр ТЕМІРҒАЛИЕВ, ҚУРАЛЫ-2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жүз метр жерде свет те, газы да, суы да өтіп жатыр. Келіп тұрған зат. Көше көшеге тартып тастайтын зат. Соны неліктен тартпай жатқанын. Соның себебін түсіндіріп әкімдік жауап берсе. Себебі көптеген елді-мекендерге бірінші коммуникация тартып, артынан үй салады.

Жергілікті әкімдік жағдайға қанық. Ауылды ауыз сумен, көгілдір отынмен, жарықпен қамтамасыз ету үшін арнайы құжаттар дайындалып жатқанын айтты. 

Бақұзақ ДАРИН, АҚТӨБЕ қ. АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы газ, электр, су инженерлік жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бірақ та енді оның дайын болған жағдайда қаражат бөлінсе өте көп жұмыс емес ол.


Көп жұмыс емес ол дегенімен, қаражат әлі күнге дейін қарастырылмаған. Тіпті оған қанша қаржы кететінін де дөп басып айта алмады. Өйткені үш жылдан бері жобалық-сметалық құжаттары әлі күнге дейін әзірленіп бітпеген. Сондықтан Қуралыдағы коммуникация мәселесі қашан шешілетіні әзір белгісіз.

Б. Рахметова