Қызылжарда шыбын-шіркейлерді дәрілеу жұмыстары нәтиже бермей отыр. Бөлінген қаражат та жаз басталмай таусылған. Бірақ сары маса дес берер емес. Жұрт далаға шығудан қалдық дейді. Тығырықтан шығар жол бар ма? Аймақтағы әріптесім Абзал Құрманкин бұл сауалға жауап іздеп көрді.
Күн жылынғанымен, жұрт көше бойымен серуендеуге құлықсыз. Өйткені сары маса маза бермей тұр. Далаға шығу өз алдына бұқара баспанасының терезесін бітеп, қапырық бөлмеде тығылып отыруға мәжбүр.
Рауза АТЫМЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен кешке далаға шығудан қорқам. Өйткені, тым масқара. Көзіңе, құлағаңа, аузыңа да кіреді. Шаққанда масалар шағады. Бұл жақсылық емес. Бірдеңе қып құртыңдар.
Людмила ГНИНЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Масаны үркітетін дәрімен қамданып қойдық. Оны жақпай далаға шықпаймыз. Бұл дәрінің иісі жағымсыз. Масаларға жем болғанша, соны иіскеуге тура келеді.
Бәрінен бұрын карантиннен кейін далаға шыққысы келетін балақайлар үшін бұл қиын болып тұр дейді тұрғындар. Масаға таланғандарының арасында аллергия бергендері де жетерлік екен.
Надежда ПАСТУХОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Маса шаққаннан кейін аяқ-қолдары ісіп кетеді. Күнде кешке дәрі жағамыз. Кейбір балалардың асқынып, аллергияға айналады.
Жергілікті билік жәндіктерді улау жұмыстарын көктемнің орта белінен қолға алыпты. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 5 млн теңге бөлінген. Бірақ, жаз басталмай жатып, қаражатта таусылып қалған.
Әсем АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қазіргі таңда қосымша бюджет күтілуде. Қыркүйек айына дейін жалғасатын болады. Сәуір айында басталған болатын. Жұмыстар аясында бізде күнделікті саябақтар, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығы масалардан тазартылады. Осы уақытқа дейін 682 гектар жер тазартылады деп жоспарланып отыр.
Ал тәжірибелі биолог Арман Әубәкірованың пікірінше, Петропавлда жер құрғамай, тұрғындар масадан құтылмайды. Себебі, шаһардың төңірегінде көл көп. Онда өсіп жатқан қалың қамыс сары масалардың көбеюіне қолайлы орта болып саналады, деді.
Арман ӘУБӘКІРОВА, БИОЛОГ:
Масаларды дәрілеу жұмыстары көп әсер ете қоймайды. Бір маса мыңға жуық жұмыртқа салады. Екіншіден, у экологиялық жүйеге зиян келтіреді. Сондықтан қала маңайындағы батпақты жерді құрғату керек. Бұл әлемде көп қолданылатын тәжірибе. Дезинфекцияға қарағанда оның тиімділігі зор.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Жүздеген гектар аумақты алып жатқан қамысты кесіп, көлдерді құрғату әрине оңайға соқпайтыны белгілі. Оған қосымша қомақты қаржы керек. Ал, ол бүгін-ертең болмайтыны да заңды.
А. Құрманкин