Алматыда тағы да атыс болды. Полиция департаменті таратқан деректерге қарағанда, бірнеше азамат мейрамхана алдында жаға ұстасқан. Біреуі пышақ алып жүгірсе екіншісі травматикалық қару қолданыпты. Жанжал салдарынан екі адам дене жарақатын алды. Оқиға орнына барып-қайтқан әріптесім Аршын Кемелжанның репортажы.
Кеше кешкісін болған оқиғаны тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Видео Әлеуметтік желілер арқылы тарады. Мейрамхана алдында бірнеше жігіт сөзге келіп қалған.
Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:
Жаңжалдасқан екі тарап мәселесі жұдырықпен шешілмеген соң дәл осы маңайда суық қарумен сес көрсеткен. Бірі пышақ ала жүгірсе, екінші тарап травматикалық тапаншадан төрт рет оқ атқан. Кесірінен екі адам дене жарақатын алыпты.
Жарақат алғанның біреуі, жанжалға тіпті қатысы жоқ. Көшеде өз бетімен кетіп бара жатқан жігіттің аяғына тапаншадан атылған оқ тиіпті. Төбелеске қатысы бар тағы бір жігіт пышақ жарақатын алған.
Ермек ЖЕЛДІБАЕВ, ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
37 жастағы азамат қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ол басынан қатты соққы алған және аяғынан пышақ жарақатын алған. Алғашқы көмектен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Айдың, күннің аманында оқ атып, пышақ қолданғандардың аты-жөні белгілі. Қолға түскендері де бар. Тәртіп сақшылары олардан жауап алуда.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Олардың ҚР ҚК 293 бабы, 3 тармағы бойынша саралануда. Яғни, тапанша қолданумен жасалған бұзақылық дерегі бойынша. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген кем дегенде.
Ал, төбелестен кейін ізін суытып үлгерген өзге жігіттер іздестіріліп жатыр. Полиция, оларды да қылмыстық жауапқа тартпақ.
А. Кемелжан