Атырауда шу шыққан 157-де 1 тергеу мекемесі - антисанитария. Шыбын-шіркей былай тұрсын, кеміргіштер өріп жүр. Ол ол ма тергеудегілер ауыра қалса, бір де бір дәрігер жоқ. Бұл туралы бүгін қоғамдық бақылау комиссиясы жария етті. Тергеу абақтысындағылар мен олардың туыстарының шуынан соң, мекеме жұмысын тексеруге астанадан бір топ маман келген. Оларға қамаудағылар адами жағдайдың жасалмағанына шағымданыпты.
Асылтек ИСПУСИНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Условия жоқ анда. 7-8 адам бір құттай камерада отыр. Маса, шыбын, тышқан, көбелек. Аптасына бір рет тек моншаға шығарады. Салқын судан басқа су жоқ. кармушканы жауып тасайлды, винтеляция жоқ. андай условия болса, әрине. Менде иттерім бар. Олар и то жақсы жағдайда. Сосын дәрі жоқ. дәрігерлер жоқ.
Қылмыстық атқару жүйесіндегілер дәрігер тапшылығы жабық мекемелердің бәріне ортақ мәселе деп отыр. Бос орын болғанымен, ол жерде жұмыс істегісі келетіндер аз деді. Алайда санитарлық жағдайды алға тартып, тәртіпсіздіктерін жасырғысы келгендер жазадан құтылмайтынын да ескертті.
Мейрам АЮБАЕВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
5 сотталған азамат тәртіпке бағынбады. Басқа сотталған адамдарды жаппай заң бұзушылыққа шақырды. Енді өздерінің ақтау үшін коммуналдық, медициналық, сол үшін соған келтіріп жатыр.
Б. Надирқызы