Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің тұрғындары уәде етілген тасжолды үш жылдан бері күтіп жүр

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2020
  • 2279

Махамбет Өтемісұлында күй қашты. Ақтөбеде Батырдың атына берілген көшенің опырылып жатқанын үш жылдан асыпты. Өйткені, бұрыңғы жолды коммуналды қызметтер 2017 жылы сыпырып тастаған. Ал, жаңа жол "ұшты күйлі жоқ". Ашулы тұрғындар енді көшенің атын ауыстыруды талап етіп отыр. Өйткені, көшенің заты, Ақынның атына сай емес, дейді тұрғындар. Бақыт Рахметова тарқатады.

Бұл көше қаланың қақ ортасында тұр. Батыр Махамбет Өтемісұлының есімі берілген. Жергілікті билік, күйі қашқан көшені көркейтпек болған. Сөйтіп, үш жыл бұрын ескі жол сыпырылды. Бірақ жаңа жол түспей қалды.

Зәру ДАРЖАНОВА, ТҰРҒЫН:

Қалада тұрып көшеміз тас, топырақ балдар шыға алмайды. Жаңбыр жауса, қар жауса су болады. Ана көшеден мына көшеге өте алмаймыз мынау не бәле.

Наталья ҚАРАҚҰЛОВА, ТҰРҒЫН:

Рысқалиев Бергейдің үйінің қасына асфальтты жылда салады. Сол Бергейдің үйіне дейін тек салады. Вокзалдан бастап Бергейдің үйіне дейін. Ал бері қарай вообще өмірде салып көрген жоқ.

Әудені үш жыл күткен тұрғындар әкімдікке шағымданып сән мәрте барды. Нәтиже жоқ. Жерглікті үкіметке - үміті сөңген тұрғындар енді көшенің атын ауыстыруды талап етіп отыр. Өйткені, көшедегі ойық, маңдайшадағы атауға сай емес.

Жанайдар ТӨЛЕУБАЕВ, ТҰРҒЫН:

Мына жерді ойды ойды да алды. Әрмен қарай саған жоқ. Содан бері міне үш жыл өтті. Осы көшенің атын алып дұрыс көшеге беріп Махамбет Өтемісұлы деп, Сашка деген көршім бар соның атын берсе де жарасады.

Құрылыстың үш жылға созылғанын әкімдік өкілдері растап отыр. Жұмыстың тоқтап қалуына қаржы тапшылығы себеп болған.

Руслан ТӨРЕҒАЛИ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


2019 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты осы 2020 жылы аударылған болатын. 2 квартал бітіруге қазір ақша бөлініп тұр. Жұмыс осы 15-теріне басталады.

Қаржы табылмай келген көше - екі шақырымнан аспайды. Бюджеттің беті енді бері қарағанға ұқсайды. Әкімдік Махамбет Өтемісұлы көшесіне 40 млн теңге бөліп отыр. Жөндеу жұмыстары жақында басталуы тиіс.

Б. Рахметова