Бүгін Алматының Алатау ауданындағы 30 отбасы азық-түлік себетін алды. Кәсіпкерлердің қолдауымен республикалық «Біз біргеміз» акциясы жалғасты. Аз қамтылған, көп балалы отбасылар бірінші кезекте қажетті азықпен қаммтылды. Гүлмира Тоқтарбайқызы көп балалы ана. Бес баланы тәрбиелеп отырған ана көмектің үзілмей келіп жатқанын айтты.
Гүлмира ТОҚТАРБАЙҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН:
Төтенше жағдай кезінде осы Нұр Отан партиясынан көмек алдық. Балаларға азық-түлік алдық. Қазір міне тағы да алып жатырмыз, көп көп рахмет! Алла риза болсын! Бізге осы Нұр Отанның бергені көмек болды.
Партия мен жергілікті билік аталған шараны әлі де жалғастыруды жоспарлап отыр. Төтенше жағдай жарияланған күннен бері аудандағы алты мыңнан аса отбасы қаржылай, азы-түлік түрінде, тіпті санитарлық жиынтық та алған.
Сұлтан ШАРМАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Қазір бізде өте көп өтініштер түсуде. Сондықтан бұл акциямыз әрі қарай жалғасын табады. Осындай іс-шаралар кезінде бізде осы пандемияға қарамастан сақтандыру шаралары қолданылады.
А. Кемелжан