Алматы облысында блок бекеттер орнатылмайтын болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілі, карантиндік жүйе тек Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдарға енгізілмек.
Ғалымұрат ЖҮКЕЛ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Облыс аумағында блок-бекеттер қайтадан орналастырылмайды. Дегенмен өткен демалыс күндері Қапшағай жағажайында адамдардың көптеп келуі бізді алаңдатты. Сол себепті МВК-ның шешімі бойынша Қапшағай көлінің жағасындағы жолдардың барлығына мобильдік посттар қойылады. Ол посттар тек қана осы демалушыларды жағажайға жібермеу үшін орнатылған.
Яғни аталған бекеттер Іле ауданындағы Жетіген аймағы мен Қапшағай өңірінде қойылады. Айта кетейік, аймақтағы барлық блок-бекеттер 1 маусым күні толықтай алынып тасталды. Жергілікті билік тұрғындаор тарапынан қауіпсіздік шараларын сақталмаса, кез-келген сәтте күшейтілген карантин енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Ә. Лесбек