Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Амалы таусылған Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылының тұрғындары, қорадағы төрт түлігін қалалық саяжай маңында бағуға мәжбүр. Халық мәселесін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы өткізген, қоғамдық қабылдауда көтерГен. Нұротандықтар алдымен шаруа қожалықтарының басшылары мен ауыл азаматтарымен кездесіп, мән-жайды егжей-тегжей анықтап алды. Кездесуге келген тұрғындар пайдаланылмай бос жатқан жерлер бар екенін айтты. Несие алып, мал өсіруге бел буғандар, жайылымдық жер беруді талап етті. Аудан әкімі де бос жатқан алқаптардың бар екенін растады, бірақ олар жекенің иелігінде,- деді. Сондықтан оны қайтарып алуға әкімдік дәрменсіз екенін жеткізді.
Марат ТОҚЖАНОВ, БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мәселе бірден шешілетін мәселе емес. Мәселе өте күрделі. Бүгінгі күні былай шешілсе, арба сынады. Былай шешілсе, өгіз өледі деген жағдайға келіп отырмыз. Көптеген қолданылмаған жерлер бар біздің ауданымызда, осы ауылдың ішінде де бар. Бірақ ол жердің бәрін қайтару үшін бүгінгі күні біздің қолымызда тетік болмай отыр. Барлық тексеріске мораторий салынып отыр. Кәсіпкерлік кодекске байланысты біздің олардың бәрін тексеруге мүмкіндігіміз жоқ.
Ел ішіндегі жеке қожалықтарда мал басы 6 миллионнан асады. Мұнша мал еркін жайылуы үшін 32 миллион гектар жер керек. Бұл жағдай әсіресе оңтүстікте айқын білінеді. Мысалы, Түркістан облысындағы жайылымдық жер көлемі қажетті мөлшердің 7 пайызынан аспайды. Ал Батыс Қазақстан облысында 1,5 млн гектар алқап бос жатыр, игерілмей. Нұротандықтар бұл мәселені енді өз бақылауына алатын болды.
Нұрғиса КАМАШЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Партиялық бақылау комиссиясы аталмыш шаруа қожалығына қосымша шаруа қожалығын қарау мүмкіндігін қарап отырмыз. Бірақ дейтұрғанмен де партиялық бақылау осы мәселені жіті бақылауына алып отырады.
Е. Карин