Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет Нұрлан Нығматулиннен оңбай сөз естіді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2020
  • 5789

"Ақшаның қайда жатқанын білмейді". Үкімет мүшелері бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннен оңбай сөз естіді. Ол ұлттық қордың ақшасын оңды-солды жұмсап жүрген шенділерді сынға алды. Елдегі ауа сапасын тазарту туралы сұраққа, өзендер туралы баяндаған Экология министрін де сөгіп тастады. Тілші тарқатады.

Бүгін Үкімет мүшелері Мәжілісте бас қосты. Парламенттің төменді палатасында министрлердің республбкалық бюджетті игеруі сөз болды. Белгілі болғандай Ұлттық қордан себепсіз ақша сұратқан ведомстволар да бар. Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрмамбетованың мәліметінше, коворкинг орталығын ашу үшін білім және ғылым министрлігіне 663 миллион теңге бөлінген. Алайда ведомство ақшаны толығымен игермеген көрінеді.

Жәмилә НҰРМАМБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Яғни, елдің жоғары оқу орындарында жоспарланған бірде бір коворкинг аймақ ашылған жоқ. Егер университеттер коворкинг орталықтарын өздері ашуға мүмкіндігі болса, ұлттық қордан ақша бөлуге қандай қажеттілік туды?


Білім және Ғылым министрі болса, мұндай орталықтарды ешбір шығынсыз ашуға болатындықтан, ақша қазынаға кері қайтарылғанын жеткізді. Бірақ, бұл жауап мәжіліс спикеріне ұнамай қалған сияқты. Ол мәселе, оның ашылу-ашылмайуында емес, Ұлттық қордағы ақшаға немқұрайлылықта деп, министрді сөгіп тастады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Коворкинг орталық деген не, алдымен, соның басын ашып алу керек еді. Ол жай ғана сұхбаттасу, әңгімелесу алаңы. Қазір бәрін шетелдің әдемі сөздеріне ауыстырып, көп ақша алады да, оны кейін игермейді. Айтыңызшы, бұл ұлттық қордан ақша алатындай соншалықты үлкен проблема ма еді?. Мен олай деп ойламаймын.

Таяқтың бір ұшы ұлттық экономика министріне де тиді. Руслан Дәленов «Ұлттық қордың қаржысын шашуға болмайды» дегенмен келіскеннен басқа, мардымды жауап бере алған жоқ. Әріптестерін жақтап, коворкинг орталықтары үшін қаржы бөлінбегенін дәлелдемек болған бірінші вице-премьер Алихан Смайылов та сөз естіп қалды. Бұл жолғы мәжіліс отырысы экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің де есінде ұзақ сақталатын сияқты. Ведомство басшысы қобалжыды ма, жауаптарында шатастырып алды. Елдегі ауа сапасын қалай жақсартатынын айтудың орнына, өзендермен мақтана бастады.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: 

И второй фактор - мы увеличили количество мониторинга на гидротехнических сооружениях. Мы говорим о трансграничных реках.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Что вы сейчас несете? Извините. Кто вас спрашивает про мониторинг рек? Идет речь о статье мониторинг состояния загрязнения атмосферного воздуха - министр экологии разницу не видит!

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Нельзя. Теперь я вам скажу, что вы сейчас должны ответить.

Нұрлан Нығматулин Үкімет мүшелеріне бір бағдарламадан артылған қаражатты, өзге бағдарламаға тартуға заңмен рұқсат етілгенін еске салды. Сонымен қатар, бюджеттің әрбір тиыны алдағы уақытта да депутаттық корпустың бақылауында болатынын жеткізді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекеттік бюджеттің тиімді болуы - тек ғана бөлінген және игерілген қаражатқа байланысты емес. Ол қаржылардың барлығы нақты экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешіп, халқымыздың өмір сапасын арттыруға ықпал ету керек.

А. Мүтәлі