Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы бензин бекеттерінде сұранысқа ие сұйық отын сатылымы азайды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2017
  • 2366

Жамбылда бензин тапшы. Облыстық энергетика басқармасы 2 күнде мүлдем болмай қалуы мүмкін екенін айтты. Басқарма басшысының орынбасары Нұрбай Тілегенов қыркүйек айында жамбылдықтарға бөлінген 7 мың тонна АИ-92 маркалы бензин мен 5 тонна дизель отыны жетпей қалған деді.

Нұрбай Тілегенов, Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

АИ-80 мүлдем жоқ. АИ-92 маркалы бензин 1680 тонна, дизелдік отын 2580 тонна бар. Бұл дегеніміз 2-3 күнде облысқа, тұтынушыларға жүріп тұруына жетеді.

Бензинге байланысты кризистік күн туғызбау үшін, аймақ атқамінерлері Астанаға арнайы хат жолдаған. Ал тараздық тұрғындар қымбаттаған бензинге енді тапшылық қосылды деп жыларман.

Болатбек Құлберген, Тараз қаласының тұрғыны: 

АИ-92 мүлдем болмай жатыр ғой. 2-3 күн бұрын бағалары көтерілген, қазір енді таба алмай отырмыз, жоқ. «Гелиоста» бар, бірақ олардың барлығында талонмен ғой.

Әмірхан Жапаев, Тараз қаласының тұрғыны:

Кезек жоқ. Бірақ көбісі талонмен дейді ғой, «Гелиос». Талонды қайдан аласың?