Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда туғандарына төрт ай толған үшемге тарту жасалды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2020
  • 2404

Таразда туғандарына төрт ай толған, Үшемге, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тарту жасалды. "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы үшемді дүниеге әкелген отбасына - үш балалар арбасы мен азық-түлік қорабын сыйлады.

Аймақтағы нұротандықтар "Бақытты отбасы" жобасының тиімділігін арттыруға ден қойып отыр. Осы ретте жағдайы төмен жанұялардағы балалардың тәрбиесіне мән бермек. Сондай-ақ жетімдердің, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектерінің мәселелеріне үңілмек. Айта кетейік, практикалық көмек көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерлерін біріктіруге, аталған жобаның шарапаты тиюде. Сонымен қатар, осы жоба аясында «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы 30 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетіпті.

Б. Жұмабай