Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Федерациясы COVID-19-дан өлгендер санын жасырып отыр ма?

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2020
  • 2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің ресми деректеріне күмәнмен қарайды. Өйткені, COVID-19 дертін жұқтырғандар саны бойынша, солтүстіктегі көрші мемлекет әлемдегі алғашқы бестікке кіреді. Алайда, індет құрбандары туралы мәлімет, тым төмен. Ресейде дертке шалдыққандардың саны жарты миллионнан асса, өлім дерегі жеті мыңға жетпейді. 

Карантин режимі бүкіл әлем бойынша жеңілдеп келеді. Алайда, бұл аурудың беті қайтқанын білдірмейді. Көбеймесе кемімей отыр. Жер жаһанда осы күнде COVID-19 дертіне шалдыққандар саны 7,5 млннан асты. Аурудан айыға алмай көз жұмғандар 424 мыңға жуықтаған. Әр елде дерек әр түрлі. Кейбір елдердің мәліметтеріне дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күмәнмен қарайды.

Майкл РАЙАН, ДДСҰ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Ресейде дерттің таралуы өзге елдерге ұқсас. Бірақ өлім көрсеткішінің бұл елде тым төмен болуын түсіне алмай отырмыз.

Ресми деректерге сенсек Ресейде тәулігіне 8-9 мың адам COVID-19 жұқтырады. Бұл үрейлі. Алайда, өлгендер саны жеті мыңға жетпейді. Британияда мысалға жұқтырғандар саны Ресейден екі есеге төмен. Ал, қайтыс болғандар жеті есеге көп.  Ресей медицинасы батыстан күшті дегенге ешкім сенбейді. Ал, Мәскеу әкімі ақталып әлек.

Сергей СОБЬЯНИН, МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЭРІ:

Короновирусты инфекцияны 100 пайызға жеңбесіміз анық. Жалпы кез-келген вирусты жеңу мүмкін емес. Дегенмен эпидемеиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Ұйымның дерегі Ресейді алаңдатып отырған жоқ. Жақында олар мейрамханалар мен фитнес орталықтарды ашпақ. Ол аздай үлкен той-жиындар өткізуге рұқсат бермекші. Ал, маусымның 24-де Жеңіс парадын өткізбекші. Оған алыс-жақын елдерден мәртебелі қонақтар шақырылды. Бір қызығы Мәскеу басшысы Сергей Собянин бұл шараға жергілікті халықты қатыстырғысы келмейтіні айтып отыр. «Парадты жұрт теледидардан көрсін», деген кеңес берді.

Д. Мұхаммедкәрім