Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда Ғұламалар кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2020
  • 2542

Павлодарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Ғұламалар кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті. Жиында дінтанушы ғалымдар мен теологтар қоғамда жиі талқыға салынатын көкейкесті сұрақтарды ортаға салды. Оның ішінде ас беру мәдениеті, зират пен зиярат секілді өзекті мәселелер бар.

Ғұламалар кеңесінде талқыға салынған тақырыптың бірі - ас беру мәдениеті. Көпшілік арасында дүниеден өткен кісіге берілетін асқа байланысты әртүрлі пікір бар. Десе де, ғалымдар мен исламтанушылар астың адалдығы мен ысырап болмауын басты назарда ұстау керек деп отыр.

Наурызбай ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Қазір білесіз әртүрлі тағамдар бар. Ол тағамдарда әр түрлі спирт қосымшалары болады. Оның әр түрлі деңгейі болады, түрлері болады. Оның рұқсат етілгені, рұқсат етілмегені дегені сынды. Сондай сұрақтар бізге көп келіп түсуде қазіргі таңда.
 

Кеңес - қоғамда жиі талқыға салынатын мәселелерге өз шешімін айтады. Мәселен, зират пен зиярат етуге қатысты да дау көп. Бұл мәселеде теологтар  кез келген түйткілдің шешімін  дінтанушы мамандардан білу керектігін айтады.

Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, НАИБ МҮФТИ:

Шариғат бұл шәй ішіп отырып, айта салатын әңгіме қылып айта салатын нәрсе емес ғой. Дін мәселелері өте нәзік. Сол тұста кез келген адамнан сұрай салып емес, ҚМДБ мешіттен, имамдардан, ресми дін төңірегіндегі ғалымдардың шешімін басшылыққа алуды көрсету.


Сапар аясында бас мүфти көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жәшіктерін таратты. Сондай-ақ, «Ел үлесі - пәтерге» акциясы аясында, 5 баланың анасына 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Кәсіп ҚИНАЯТ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Қуаныштымын. Қуанып тұрмын. Мынандай болады деп ойлаған жоқпын. Алла берген несі шығар маған Құдайдың. Көптен көп рахмет!

Ері ерте дүние салған Кәсіп Қинаят, 4 жылдан бері үйсіз жүрген еді. Қазір денсаулығы нашарлап, жұмысқа да жарамай қалыпты. Оған қоса мүгедек бала асырап отыр.
 
Ө. Қуанар