Көкшетауда көпқабатты үйде өрт шығып, 4 жастағы бала көз жұмды. Тағы екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы дәрігерлер айтты. Төтенше жағдай мамандарының дерегінше, өрт сенбі күні түңгі 11-лер шамасында 5 қабаттың үйдің пәтерінен шыққан. Мұнда 10, 7 және 5 жастағы қыздар, ересектердің қарауынсыз қалыпты. Көршілері жанып жатқан пәтерден екі баланы алып шықты. Ал, үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарған.
Елена ИВАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Балалар аса ауыр жағдайда жеткізілді. Үшеуіне де реанимациялық көмек көрсетілді. Алайда 2015-ші жылғы баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қалған 2-уінің де жағдайы аса ауыр. Денелерінің 80 пайыздан астамы күйіп қалған. Қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қандайда бір болжам айту қиын.
Төтенше жағдай мамандарының айтуынша балалардың ата-анасы қазаға көңіл айту үшін жолға шығып кеткен. Қыздарды 21 жастағы әпкелері қалдырыпты. Ол сол сәтте дүкенге кеткен. Дегенмен өрттің себебі әзір белгісіз. Мамандар электр энергиясынан немесе өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болу мүмкін деген болжам айтып отыр.
Ғ.Өтемісов