Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 8 сатыға төмендеді. Осылайша әлем бойынша қазір 42-ші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік экономикалық форумның биылғы қорытындысында белгілі болған. Былтыр Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар рейтингісінде төрт саты жоғарылап, 34-ші орынға жайғасқан еді. Әйтсе де республикамыз бүгінде көршілес Ресей мен Украинаны артта қалдырған. Қос мемлекет аталған тізімде 50-ші және 55-ші болып тұр. Ал бастапқы бестік әдеттегідей Сингапур, Дания, Швецария және Нидерланды елдеріне бұйырған. Жалпы әлемдік экономикалық рейтингке 63 мемлекет бар. Осы тұста отандық сарапшыларымыз экономиканың құлдырауы мұнай бағасының төмендеуінен деп отыр. Әрі пандемияға байланысты жұмыссыздықтар санының көбеюі де айтарлықтай әсер етті,- дейді.
Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ:
Әрине былтырғы статистика бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жақсарып еді. Енді қайта құлдырадық. Бірден 8 сатыға түсті. Жалпы мына пандемиялық жағдай тұрақталмаса, жағдай бұдан да төмен болып кетуі мүмкін.
Ә. Лесбек