Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік еріктілер «Biz Birgemiz» акциясы аясында 10 мыңға жуық отбасыға көмек көрсеткен

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2020
  • 2572

Ақтөбеде карантин жағдайында белсенділік танытқан жастардың еңбегі еленді. Өңірдегі 300-ге жуық ерікті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарына ие болды.  Жастар жалғыз басты қарттарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 152 миллион теңгенің азық-түлік себеттерін, қорғаныш заттарын жеткізіп берген. Одан өзге жасотандықтар Мақтарал ауданы тұрғындарына 125 тонна зат жөнелтуге қол ұшын созған. Бүгінгі күнге дейін «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан 24 мыңнан астам тұрғын жалпы соммасы 1 млрд 200 мың теңге көлемінде көмек алған.

Асылжан БҮРКІТАЛИН, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Менің ойымша волонтерлік деген қоғамның дамуына иненің жасуындай болса да көмегімізді көрсеті. Біздің қоғам біздің еліміздің даму жолында жалғыз мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмендер ғана емес жалпы қоғам болып жұмыс жасау керекпіз. Бізде азаматтық қоғам болу керек. Сол азаматтық қоғамның негізін салушылардың бірі осы волонтерлар болып табылады.

Б. Рақметова