Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция қызметкерін өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2020
  • 4146

Қостанайда полиция сержанты Дархан Базарбаевты пышақтап өлтірген жергілікті тұрғынға үкім шықты. Облыстық сот айыпталушыны 19 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы Михаил Прокуратов қауіпсіздік жағдайы жоғары мекемеде жазасын өтемек.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігі 2 тармағы,115 бабында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 19 қаңтарда болған еді. Полиция сержанты Дархан Базарбаев, әріптесі Амангелді Сыздықовпен Тобыл қаласына арнайы шақыртумен отбасылық жанжалға араша түсуге барған еді. Ішімдік ішкен 28 жастағы ер адам қолына пышақ алып, отбасынын түгел аяққа тұрғызып, бүлік шығарған. Бұзақыны ұстау кезінде тәртіп сақшысы жүрек тұсынан пышақ жарақатын алды. Жиырма бес жасында қыршын кеткен Дархан Базарбаевтың артында 4 айлық нәрестесі қалды. Қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицейге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілген болатын.

З. Санай