Русский Сайттың толық нұсқасы

Көңілдесінің танысын пышақтап өлтіріп, мүрдесін дәретханаға тастаған оралдық 14 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2020
  • 2581

Көңілдесінің танысын пышақтап өлтіріп, мәйітін дәретханаға лақтырып тастаған оралдық 14 жылға сотталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот хабарлады. Ресми деректерге сүйенсек, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Айыпталушы былтыр қарашада сүйіктісінің қасынан бейтаныс жігітті көріп, ашуға мінген. Өзін-өзі өзін-өзі ұстай алмай, жігітке жұдырығын ала жүгіріпті. Бұл аздай, пышақ сермеген. Жарақаты ауыр болған жігіт көз жұмды. Кейін мәйітті дәретханаға лақтырып тастаған. Оның қалтасын тінтіп, ұялы телефонын олжалапты.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық Кодекстің адам өлтіру және ұрлық бабымен айыпты деп танып, 14 жылға түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның іс-әрекетінде қауіпті рецидив танылғандықтан, жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Е. Карин