Ел аумағында коронавирусты анықтайтын тесттердің жеткіліксіздігі туындады. Тіпті кей өңірлерде тестітің жоқтығынан ауру белгілері бар науқастардан сынама алынбаған. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің паймынша, "бұл - жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінен тест қортындысын талап етуінің салдары". Айжан Есмағамбетова кәсіпорын басшыларына мынадай ескерту жасады.
Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Өкінішке қарай, бүгінде мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, жұмыс берушілердің көбі іс-сапардан, еңбек демалысынан оралған қызметкерлерінің бәріне міндетті түрде ПЦР талдауын жасатуды талап етіп жатыр. Құрметті жұмыс берушілер, бұл талап инфекцияның ұжымыңызға кіруінен қорғамайды.
Сондай-ақ, алкагольді ішімдіктерде кеселден қорғамайды. Елдің жетекші инфекционисті Динагүл Баешева ел арасында тараған "емдік әдістің" бұл түрін жоққа шығарды. Сонымен қатар, маман сұйықтықты көп мөлшерде ішуге кеңес береді. Өйткені, ол вирустың уландыру күшін әлсіретеді дейді.
Динагүл БАЕШЕВА, ҚР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Коронавирус диагнозы қойылды дегенде шошымау керек. Ауырып қалған жағдайда денесінің қызбасы болса ол деген - адамның вирусқа қарсы тұратын күші деген сөз. Сондықтан,бірінші үш күндей ол температура болуы мүмкін. Организміңіз шыдап көтере алатын болса онда тұған ештеңе жоқ.
Батыс Қазақстан облысындағы "СПИД орталығыда" карантинге жабылды. Мұндағы қан талдауын алатын қызметкерлердің бірінен ауру табылыпты. Енді қалған мамандар сынама тапсырып, 25-маусымға дейін ВИЧ және СПИД-ке сынама қабылдау тоқтатылған. Сандарға кезек берсек: өткен тәулікте Covid-19 вирусы 499 адамнан анықталды. Сонымен республика бойынша науқастар саны 29 мыңға жуықтады. Оның 10 мың 700-дейі індет тасымалдаушысы.
А. Данияр