Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте апта ішінде 78 мотокөлік ереже бұзған

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2020
  • 2651

Шымкентте мотоцикл жүргізушілері бір аптаның ішінде 78 әкімшілік-құқықбұзушылыққа жол берген. Полиция департаменті «Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық шараның қорытындысын жариялады.

АВТО-МОТО ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 
Барлық мотоцикл айдағандар елдің тынышын алып жатыр дей алмаймын. Бірлі жарым қала ішінде жүйіткіп жүретіндер бар әрине. Оларға мен түнде елдің мазасын алмай, қаладан тысқары жерге баруға кеңес берер едім.

Көліктің бұл түрін тақымдағандар жасаған әкімшілік-құқықбұзушылықтың жиырмасы - маневр жасау қағидаларын бұзған. Техникалық тексеруден өтпегендері де осы шамалас. Бұдан бөлек, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау,  мотошлемдердi пайдаланбау сынды кемшіліктер де тіркелді. Тіпті бағдаршамға бағынбағандары да бар. Арнайы рейд кезінде полицейлер бұл жолы ешкімге айыппұл салмады. Ережені ескермегендерге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
А. Төребекқызы