Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында мектеп ғимараттары оқшаулау орынддарына айналды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2020
  • 4739

Атырау облысында мектеп ғимараттары, кесел жұқтырғандармен байланыста болғандарды қадағалайтын оқшаулау орындарына айналды. Облыс орталығынан шалғай жатқан Қызылқоға ауданының шенділері осындай шешім қабылдапты. Бұдан басқа ыңғайлы нысандар болмады дейді олар. Қазір аудандағы 4 мектепке кереуеттер қойылған. Жалпы саны 182 орын бар. Аудар әкімінің орынбасарының айтуынша мектеп ғимараты барлық санитарлық талаптарға сай келеді

Марат ӘБУОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Аудан бойынша жатақханалар жоқ, сол себепті Миялы орталығында барлық ғимараттарға анализ жасалып, қаралды. Сонда ыңғайлысы осы мектеп ғимараты болды. Себебі бізде жалғыз қонақ үй бар, 26 нөмірлік. Бірақ олардың иесі келіскен жоқ:  кірігізбейміз деп. Сол себептен мектепке жасақтадық.

Дейтұрғанмен оқшаулау орындары ашылғалы 3-ақ адам жатқан. Олардан қауіпті індет анықтамағандықтан, қазір үйлеріне жіберіліпті. Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылқоға ауданы бойынша 79 адам вирусты жұқтырған. Оның екеуі қайтыс болды.

Б. Надирқызы