Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыз-сәуір айларында 4,2 миллион қазақстандық жұмыссыз қалған

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2020
  • 2932

Наурыз-сәуір айларында 4 миллион 200 мың қазақстандық уақытша жұмыссыз қалған. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Ол карантин жеңілдетілгеннің өзінде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз отыр, - деді. Тіпті бұл көрсеткіш тағы да ұлғаюы мүмкін екенін де жасырмайды. Министрлік жыл соңына дейін азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруды көздеп отыр. Ведомство басшысы биыл 1 миллион 200 мың адамға жұмыс тауып беруге ниетті. 
 
Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Біріншіден «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама аясында былтырдың өзінде 660 мың адам қатысып, 450 мың адам жұмысқа орналасты. Осы жылдың өзінде 224 мың адам қатысып, 185 мыңы орналасты. Бұл жерде көп көмек көрсетеміз. Біріншіден ашық вакансияға баруға көмектесеміз. Блытырғы жылдың өзінде дәл осылай 99 мың адамға көмек берілді.

Бұдан бөлек, министрлік елде қиын жағдайда қалған 101 мың отбасын анықтапты. Енді олардың жағдайын жақсарту үшін «Отбасының әлеуметтік картасы» бағдарламасын жүзеге асырылмақ. Біржан Нұрымбетов жаңа жоба арқылы жағдайы төмен азаматтарды жұмысқа орналастыру, тегін медициналық көмек алу, балаларын балабақшаларға тіркеу шараларын қамтамасыз етеміз деп отыр. 
  
Ғ.Өтемісов