Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында археологиялық ескерткіш аумағына қоқыс төккен адамға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2020
  • 5035

Тобыл өңірінің экологтары мен табиғат жанашырлары дабыл қақты. Олар Рудный қаласындағы археологиялық ескерткіш аумағының экологиялық ахуалына алаңдайды. Қола дәуіріне тиесілі көне мекен көптен бері тұрмыстық қалдық алаңына айналған көрінеді.

Максим ФРОЛОВ, ЭКОБЕЛСЕНДІ:

Мамыр айында табиғат аясына шықтым. Алексеев тұрағы аумағынданың күл-қоқыс алаңына айналғанын байқадым. Сол тұста дабыл қаққан едім. Кейін тұрғын -үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, біртіндеп қоқысты тазарттық. Келесі күні келсем тағы да төгіп кетіпті.
 
Белсенді топ тиісті орган өкілдерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде полиция «Алексеев тұрағына» тонналап тұрмыстық қалдық төккен кәсіпкерді анықтады. Енді экология департаменті аумақты қоқыстан тазартуға кәсіпкерді міндеттеп отыр.

Арман ЖАҚЫПОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:

Қоқыс төккен адам Әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынды.

«Алексеев тұрағы» өткен ғасырдың жиырмасыншы жылы анықталған. Он жылдан кейін мәскеулік мамандар қазба жұмыстарын жүргізіп, қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйегі мен қолданған заттарын тапқан. Көне кешен аймақтың сакральды орындар тізіміне енгізілмеген. Дегенмен мәдениет басқармасына қарасты археологиялық ескерткіштер қатарында бар.
 
Галина РОЩИНА, ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСКЕР:

Рудный қалалық әкімдігі «Жол картасын» әзірледі. Археологиялық кешенді сақтау және қорғау мақсатында. Сол құжатта нақты жазылған.Кімнің немен айналысатыны. Қазіргі таңда біз облыстың бас археологымен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз. Көне мекеннің нақты аумағы анықталып жатыр.

Шаһар билігі әзірлеген бағдарлама жүзеге асса көптен бері күл-қоқыстан көз ашпаған көне мекен тарихи орынға айналары сөзсіз. «Алексеев тұрағы» толық қоршалып, күзетке алынбақ. Аумаққа бейнебақылау камералары орнатылуы да мүмкін.

З. Санай