Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Sunqar» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2020
  • 2212

«Nur Sunqar» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Қаламын қару еткен журналисттердің сайысын «Нұр Отан» партиясы, осымен 11-ші рет ұйымдастырып отыр. Пандемияға байланысты биыл марапат онлайн-режимде өтті. Газет, телеарна, радио үздіктерінен бөлек, алғаш рет төтенше жағдай кезінде қажырлы еңбек еткендер - "Алғы шеп", волонтерлық жұмыстарды үздік жеткізгендер - "Біз біргеміз" аталымдары қосылған болатын. Сондай-ақ, "Елбасы салған сара жол" номинациясы да биыл алғаш рет иесін тапты. Байрақты бәсекеде 9 аталым бойынша 135 өтініш және 350-ден астам материал ұсынылған. Жүлде қоры да қомақты. Жүзден жүйрік атанған БАҚ қызметкерлерін, жетекші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, өзінің Facebook парақшасында құттықтады. 

Ғ.Өтемісов