Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері Қазақстанның кей аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жауады

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2020
  • 2942

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерінде нөсер жауын жауып, секундына 28 метрге дейін жылдамдықпен, қатты жел соғады. Солтүстік аймақта ауа температурасы түнде 2-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 10-18 градус жылылықты көрсетеді. Кей облыстарда күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал.

А. Мүтәлі