Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте науқастарға дер кезінде ем жасайтын провизорлық орындар саны артты

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2020
  • 2768

Шымкентте науқастарға дер кезінде көмек көрсететін провизорлық орындар көптеп ашыла бастады. Қаладаға білім және спорттық ғимараттар емханаға айналып жатыр. Жергілікті билік осындай шешім қабылдап отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл нысан қаладағы жеңіл атлетика спорт кешені. Қазір мұнда арақашықтықты сақтай отырып арнайы төсек -орындар қойылып жатыр. Бұл жер науқастарға күндізгі стационар ретінде қызмет көрсетеді. Қазірдің өзінде 150 орын дайын.

Мұндағы төсек орын саны сәрсенбіге дейін 450-ге жеткізіледі. Қазір қатар-қатарға бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар мен кереуеттер қойылуда. "Дәрі-дәрмек пен маман тапшылығы болмайды", дейді әкімдік өкілдері. Айта кетейін. Жергілікті билік спорт кешенін әзірге резерв ретінде қарастырып отыр. Аурухана мен емханаларда осы күнде бес жүздей бос орын бар. Бұл алдын алу шаралары.

Еркеғали ӘЛІМҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКҢМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта Самал-3 мөлтек ауданында жаңа мектептен 400 орындық күндізгі стационар дайындалды. Ол уже жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Байтұрсынов -Желтоқсан көшесінде орналасқан политехникалық колледжде ол жерде де 400 орындық күндізгі стационар дайындалды. ҰОС ардагерлерінің орталығынан 100 орын дайындап, осы аптада ашылатын болады. 

Күндізгі ем қабылдау орындары қаладағы емханалардың жанынан да ашылған. Мәселен, № 7 емханада 20 төсек орын бар. Мұнда, егу жұмыстары күніне үш ауысыммен жүріп жатыр.

НАУҚАС:
 
Ауырғаныма бүгін бесінші күн. Дем жетпей одышка болғаннан кейін рентгенге келіп түскенімде рентгенде пневмания бар екенін подтверждение берді. Соған екінші күн алып жатырмын. Дәрі тапшылығы жоқ. Алғаннан бері ентіккенім басылып, улучшение сезініп жатырмын.


Ботагөз ЖҰМАБЕКОВ, № 7 ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 
Сенбі жексенбі күндері де кезекші дәрігерлер мен кезекші медбикелер қойылған. Бүгінгі таңда қазір күндізгі стационарда 2 дәрігер, 6 медбике жұмыс жасап жатыр. Одан бөлек кезекші дәрігер приемға келген науқастарды қабылдап жатыр. Оның ішінде өзі көріп кімге рентген керек, кімге лабораториялық анализдер керек бәрін сол жерде сортировать етіп отыр.


Шымкент ауруханаларында жиыны 2 870 төсек орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруларға арналған. Шенеуніктердің мәліметіне сүйенсек маусым айында шаһарда пневмания 6 есеге, ал жедел респираторлы вирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен. Жедел-жәрдем қызметін шақыру болса бес есеге көбейіпті.

А. Төребекқызы