Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтар бір жыл күткен үйіне бүгін қоныстанды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2020
  • 2454

Оралда "Нұрлы жер" бағдарламасына сенген 200 отбасы бір жыл дегенде пәтерге әрең қолдары жетті. Өткен жылы тапсырылуы тиіс тұрғын үй бүгін ғана беріліп отыр. Инфроқұрылымы тартылмай қалған жыры көп үй туралы мұның алдындағы жаңалықтарда да айтқан едік. Қоныс тойы бүгінге белгілеңген екен. Алайда, тұрғындардың көңілін тағы да күдік ұялады. Өйткені, үйдің айналасы терең шұңқырға толы. Ол аздай жаңа үйдің қабырғасы жарылып, есігінің жабылмайды, терезесі сынық. Құрылыс жұмыстарына көңілі толмаған тұрғындар мердігер кәсіпорынға ескерту жолдады.

Мейірбек МАРАТҰЛЫ, ТҰРҒЫН:

Бүгін пәтерлі болып жатырмыз, үй алып жатырмыз. Істейтін жерлері бар, мысалы, ана терезе трещина берген, есіктері сәл жабылмайды. Осы үйдің қасында жүрген бастық, начальник участкелерге ескерттік. Келіп, жазып алып өлшеп кетті, орнына қайтып қойып береміз деді.

Е. Карин