Ақмола
облысындағы тікұшақты апатты жағдайда қондырған екі ұшқыш жұмыстарынан
шеттетілді. Ал денесін 50 пайыз күйік шалған үшінші ұшқыш Астанадағы күйіктерді
емдеу орталығына жеткізілген. Қазір ол есін білгенімен, жансақтау бөлімінде.
Оқыс оқиға 22 қыркүйек күні болды. МИ-2 тікұшағының экипажы тілсіз жау шарпыған
орманды бақылаумен айналысқан. Қонуға ыңғайланған әуе кемесі жер қыртысына
соғылып, түгел өртеніп кетті. Алдын ала болжам бойынша, апаттық жағдайға
техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Ал Азаматтық авиация комитетінің
өкілдері ұшқыштардың түнде ұшып шығуы заңға қайшы екенін айтқан еді.