Қарағанды дәріханаларында парацетомал мен аспирин әлі де жоқ. Ыстық түсіретін препараттардың тапшылығына «Nur Otan» партиясының қоғамдық мониторинг комиссиясы арнайы рейд кезінде көз жеткізді. Айта өтейік, соңғы екі аптада ел тұрғындары дене қызуын түсіретін қажетті препараттардың дәріханалардан табылмай жатқанына жаппай шағымдана бастаған еді. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі күні кеше еліміздің бірқатар өңірлеріне мұндай дәрілер жеткізілді деп ресми түрде мәлімдеген болатын. Соның ішінде Қарағанды облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары бар. Қарағандылық партия өкілдері мұны шындыққа жанаспайды деп отыр.
Алма ВИКТОРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Өз басым орталықтағы 5 дәріхананы араладым. Ыстық түсіретін парацетомал, аспирин секілді дәрілер мүлде жоқ. Қазір адамдар ауруханаларға, стационарларға сыймай жатыр. Халық үйде емделейін десе дәрі таппай жүр. Қоғамдық мониторинг комиссиясы дәрі бар деген басшылардың сөзі рас па соны бақылайды. Түспесе не себепті? Әр жағдай бойынша себебін жеке анықтайтын боламыз.
А. Қуаш