Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2020
  • 3559

Түркістан облысында тұрғындарды қаржы пирамидасына үгіттеп, ақша салдыртқан алаяқ ұсталды. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растап отыр. Олардың дерегінше, күдікті 11 сарыағаштық тұрғынды 3,5 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен. Оқиғаның өзі өткен көктемде болыпты. Бейтаныс әйел әуелде «қосымша табыс табуға көмектесемін» деп сенімдеріне кіріп алған. Қажетті сомманы қалтасына басқан соң ізім-ғайым жоқ болыпты. Алданып қалғандар полицияға арызданды. Құзырлы органдар істі «алаяқтық»  бабымен тергеп, күдіктінің 11 іске де қатысы бары анықтап отыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол 2009 жылы бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Бұлтартпау шамасы қолхатта. Қазіргі таңда оған қатысты ҚК-тің 190-бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жалғасып жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

А.Төребекқызы