Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2020
  • 2868

Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды. Бұл рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимінде қатысты. Ол өз сөзінде Тұңғыш Президенттің қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тұңғыш президентімізге арналған монумент тәуелсіз Қазақстанның барша жастарына әріресе, әскер қатарындағы жастарға өнеге болатынына сенемін! Бүгінде айбынды армиямыз мемлекеттілікті нығайтуға зор үлес қосып келеді.


А. Данияр