Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус жұқтырудан қауіптенген оралдық дәрігерлердің мәселесі шешілді

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2020
  • 1915

Әлеуметтік желі арқылы "Nur Оtan" партиясынан көмек сұраған оралдық дәрігерлердің мәселесі оңымен шешілді. Еске сала кетейін, дәрігерлер облыстық көпбейінді ауруханаға "коронавирусқа" шалдыққан науқастар әкелініп жатқанын және арнайы киімі жоғын айтып шағымданған. Осы шағымның ізімен партиялық бақылау комиссиясы ауруханаға арнайы барып, жағдаймен танысты. Бас дәрігердің айтуынша, өңірдегі емдеу мекемелерінде орын болмағандықтан, жағдайы ауыр науқастар жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

Арман БАЙДЕУОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Қазіргі кезде 16 науқас жатыр. Бәрі күрделі, ИВЛ-мен жатыр. Өйткені бұлардың өкпелері өздігінен демалуға шыдамайды екен. Біздің кейбір әріптестеріміз түсінбей қалды. Бірақ біздің клятва Гиппократа бар. Ауыр науқастарға біз міндетті түрде көмектесу керекпіз. Өйткені біз дәрігерміз. Бір тәуліктің ішінде СИЗ-дердің бәрін беріп, жұмыс істеп жатыр олар.


Аурухана директоры мамандардың коронавирусты жұқтырудан қауіптенетінін және осының салдарынан маман тапшылығы туғанын жасырмады. Енді бұл мәселені "Nur otan" партиясы өз бақылауына алмақ. Партиялық бақылау комиссиясының ұсынысымен, ауруханадағы бір корпус 120 адамға арнап қайта жабдықталатын болды.
 
Нұрғиса КАМАШЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қамтамасыз ету бойынша, маска болсын, киілетін комбинезондар болсын, костюмдер... Олар бойынша ешқандай кедергі жоқ. Кислородтық демалу, ИВЛ аппараттары бойынша сатып алу жүйесімен қазір жұмыстар атқарылып, қосымша 21 ИВЛ аппаратын сатып алу жоспарланып отыр екен. Сондықтан мәселе бірте-бірте шешіледі. Оның бәрін партиялық бақылау комиссиясы бақылауға алып отырамыз.

Е. Карин