Русский Сайттың толық нұсқасы

"Денсаулық сақтау жүйесіне тергеу жүргіземіз", ҚР Президенті

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2020
  • 2851

Денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетін болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде мәлімдеді. Президент коронавирусты инфекцияның таралуын болдырмас үшін Қазақстан тарапынан тиісті шаралар дер кезінде қабылданғанын айтады. Алайда, індетке тойтарыс беруге Денсаулық сақтау жүйесі дайын болмаған. Қала берді, жергілікті әкімдіктердің де жіберген қателігі шаш етектен.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өкінішке қарай, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрыңғы басшылығы және жергілікті әкімдерден кеткен қателіктен, коронавирустың екінші толқынына ұрындық. Карантин режимінің жаппай дұрыс сақталмауы дертітң өршуіне әкеліп соқты.

Мемлекет басшысы дертті емдеудің жолдары туралы жалған ақпарат таратқандар да заң алдында жауап береді деп ескертті. Сонымен қатар, ол өз үндеуінде індетпен күресте мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға да тоқталды. Шілденің соңына дейін үйде жәрдем беретін мобильді топтар саны 3 мыңнан асады. Ауру ошақтарында дала госпитальдары құрылады. Қосымша медицина қызметкерлерін жұмысқа тарту көзделген. Сонымен қатар, Президент қосымша 20 ПТР-анализатор сатып алынғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазір тест жасайтын 8 мобильді орталық құрылып жатыр. Ол ауыл-аймақты да қамтитын болады. Осылайша, бір тәулікте 40 мың адам тестілеуден өте алатын болады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі де жақын күндері өз шешемін табуы тиіс.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Пандемияны пайдаланған пысық саудагерлер халықты әдейі дүрліктіріп, қажетті дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп жіберді. Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары ондай алыпсатарларды жауапқа тарта бастады. Әкімдіктер де қоғамдық рейдтер өткізіп заң бұзушылықтарды анықтап отыруы тиіс.


Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша құзырлы органдар тиісті жұмысты қолға алды. Президент үндеуніе қатысты Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева өз пікірін білдірді.

Айгүл СОЛОВЬЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің сараптамалық топ, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиісті деңгейде жұмсалғанын тексеріп жатыр. Менде бар ақпарат бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрыңғы басшылығы тек пиар-компанияға ғана 600 миллион теңге бөлген. Басқа бағыттарға қаражат қажет кезде ол шешім қаншалықты маңызды болды деген сұрақ туады.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекте бүгін Президент үндеуін қолдап, әлеуметтік желі арқылы өз пікірін жариялады.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез, осы. Тек жұдырықтай жұмыла отырып қана бұл қатерді еңсереміз. «Nur Otan» партиясы өзінің бүкіл ресурсын Мемлекет басшысының тапсырмаларына қоғамдық және партиялық бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдырады.

А. Мүтәлі