Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 63 жасар азамат үйінде заңсыз дәріхана ашып алған

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2020
  • 2352

Алматы облысында пәтерінде заңсыз дәрі-дәрмек сатқан тұрғын анықталды. Жергілікті полицейлер алыпсатар келіншекті кеше кешкісін ұстаған. 63 жасар апамыз дәрі-дәрмекті жергілікті дәріханалардан алып, үйінде қымбатқа сатып жүргені белгілі болды.  Бұл кәсіппен айналысуға бірде-бір рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Сөйте тұра алыпсатар әжей үйінде отырып дәрі-дәрмектің 60 түрін сатқан.

Ақбота ӘЗІРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

63 жастағы Кербұлақ ауданы Алтын Емел ауылының тұрғыны дәріхана сымақ орынды өзінің үйінде жайғастырған. Аталмыш орын заңға қайшы жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып кінәлі тұлғалар қолжаныстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Осыған ұқсас деректер дәрі-дәрмек нарығына кері әсерін тигізді. Дәрі тапшылығын тудырды және бағаны көтерді.

Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, АЛМАТЫ қ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 

Бүгінге қарағанда ешқандай дефицит жоқ. Кешеден бастап гуманитарлық көмек келіп отыр екен. Тек қана бізде үкімет қойған шектеу бағамен сол дәрі-дәрмекті шығаратын компаниялардың арасындағы баға өскен. Сәйкес келмейді. Сондықтан көп компаниялар ол дәріні қымбат алады.

Ә. Лесбек