Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда дала өрті өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2020
  • 2030

Атырауда дала өрті өршіп тұр. Аптап ыстықта қураған жайылымдардан от шығып жатыр. Тілсіз жау әсіресе шалғай аудандардың мазасын қашырды. Жаз басталғалы бері 7 өрт болып, 170 гектар жер жанып кеткен. Бұл шаруалардың да жұмысын қиындатты. Мысалы, Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылы тұрғындары мал жайылымы азайғанына алаңдаулы. Кейбір ауылдар дала өртімен алыса алмай да отыр. Өрт сөндіретін көліктер мұнда 300 шақырым қашықтан келеді.

Мансұр ҚУАНЫШӘЛИЕВ, ҚҰМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сүйіндік, Балқұдық округінде бір де бір өрт сөндіру машинанасының болмауының өзі қиындық  келтіріп отыр. Осы мәселе бірнеше рет жоғарыға қойылды.  Бірақ ешқандай мәселе шешіліп жатқан жоқ. Әйтеуір халық күрегін алып шығады, киізін алып шығады.  Суға малшып, киізді сүйретеді. Тракторлары бар жекеменшік. Әйтеуір сабалап сабалап, топырақ шашып, қалай болғанда да өз күндерін өзі көріп,  өртті бірдеңе етіп өшіреді. Кеткені кетеді, аман қалғанын алып қалады.
 
Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, дала өртінің басты себебі қуаңшылық. Әбден қурап тұрған шөп күннің ыстығынан кез-келген уақытта тұтануы мүмкін.  Тілсіз жаумен ауыл тұрғындары өз күштерімен алысып әлек.

РИНАТ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Жергілікті атқарушы органдармен 965 адамнан құралған 72 ерікті өрт сөндіру құрылымы  жасақталды. Қазір 60 автоцестерна, 92 мотпомп пен 190 қосымша техника бар. Жыл сайын Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің бекітілген жоспарына сәйкес, арнайы оқу жаттығу өтеді.

Б. Надирқызы