Русский Сайттың толық нұсқасы

“Nur Otan” партиясы оралдық дәрігерлерге оттегі концентраторын табыстады

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2020
  • 3040

Батыс Қазақстан облыстық ауруханасы бүгін оттегі концентраторы құрылғысымен толықты. Жаңа жабдықты “Nur Otan” партиясының облыстық филиалы мүшелері алып беріп отыр. Партия оттегі концетратының төртеуін ауруханаға силаса тағы екеуін аудандарға жіберді. Қазір облыстық ауруханадан 4 провизорлық стационар ашылып, жансақтау бөлімі де қайта жабдықталған. Сондай ақ тағы 150 орындық провизорлық стационар ашу жоспарда бар.

Арман БАЙДЕУОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін 4 кислородный концентраторды партиясының мүшелері өздерінің ақшасына алып жатыр. Соларға көп-көп рахмет айтамыз. Себебі осы концентраторлар болмаса, көп науқастарымыз қайтыс болатын еді. Сол себепті мына концентраторлар өте керек нәрсе.

Бүгінде облыста коронавирусқа қатысты жағдай мәз емес. Емделіп жатқан 940 адамның 92-сі ауыр халде. Бұл аздай 150-ден астам дәрігердің ауру жұқтырғаны анықталды. Маман тапшылығы байқалады. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерікті тұрғындардан көмектесуін сұрап отыр. Медициналық колледж түлектерін жұмысқа тарту көзделді.
 
Мұрат МҰҚАЕВ, “NUR OTAN” ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр ауданды қазір осы концентратор құралдарымен толы қамтимыз, толық жабатын боламыз, толық! Сондықтан осы акцияға қатысып жатқан “NUR OTAN” партиясының мүшелеріне мың да бір алғысымды айтқым келеді. Бұл акция өзінің да жалғасын табатын болады. Ең бастысы біздің азаматтарымыздың тезірек сауығып, үйлеріне оралғанын тілейміз!


Е. Карин