Русский Сайттың толық нұсқасы

Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері мен есепшісі ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2020
  • 3700

Пандемия жағадан алған шақта жемқор дәрігерлер аяқтан шалып жатыр. Қостанай облысындағы Тубдиспансер басшысы мен бухгалтері ірі көлемде ақша жымқырған. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дерегіне қарағанда олар, ірі көлемді ақша жеп қойыпты.

Рүстем БОЛАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Олар дезинфекциялық заттарды мемлекеттік сатып алулар арқылы келісім-шарт жасау үшін коммерциялық ұйымның өкілінен алдын ала келісілген 1милиион теңгенің 236 мың теңге көлемінде пара алу бойынша айыпталуда.

Дәрігерлердің ақша жымқыруы Қостанайды мұның алдында да тіркелген. Екі жыл бұрын Арқалық аймақтық диспансерінің бас дәрігері ұсталған еді. Өткен жылы сондай ақ онкологиялық диспансер басшысы мен орынбасары қатар тұтқындалған.

З. Санай