Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының тұрғыны 51 келі марихуанамен ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2020
  • 2001

Алматы облысында кейбір ауыл тұрғындары ауласына есірткі өсіретін болған. Құқық қорғау органдары соңғы бір тәулікте сондай  екі "фермерді" қолға түсірді. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны 51 келі «қара сорамен» ұсталса, Іле ауданының 54 жасар азаматы 12 келі марихуанамен ұсталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛ. ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші жағдайда Еңбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынан қара сораның 51 келі мөлшерінде ескірткі заты тәркіленген болатын. Екінші жағдайда жалпы салмасы 12 келіден асатын 54 түп марихуана анықталып, тәркіленді. Екі күдікті де қазір қамауға алынды. ҚР ҚК 300 бап, 1 бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.


А. Кемелжан