Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал журналист Мира Құдабаева өмірден өтті

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2020
  • 3212

Танымал журналист Мира Құдабаева өмірден өтті. Ол, 1967 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Аюлы ауылында дүниеге келген. Отыз жылдық тәжірибесі бар маман, 10 жылдай "Литер" республикалық газетінде еңбек етті. 2005 жылы кіші інісі бітімгер-капитан Қайрат Құдабаевтың қазасынан кейін ол, Ирактағы бітімгершілік миссиясына да қатысты. «Астана» телеарнасы ұжымы әріптесіміздің жақын туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Всеволод ХВАН, «ЛИТЕР» ГАЗЕТІ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзіндік энергиясымен барлығымызды қанаттандырып жүретін еді. Өмірге құштар болатын. Журналистикада өзіндік қолдаңбасын қалдырған мықты маманның бірі еді.

Сабина ТӨЛЕУБАЕВА, «ЛИТЕР» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ:


Мен бұл ұжымға алғаш келгенде ақыл-кеңесін айтып, жылы қарсы алған адамдардың бірі осы кісі болатын. Көп нәрсе үйретті, сол үшін алғысым шексіз. Кәсібилігі, өмірге деген көзқарасы ерекше еді.



Ә. Өмірзақ