Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 пандемиясынан қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс артты

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2020
  • 4706

Короновирус инфекциясы өршігелі бері ұлттық тағамдарға сұраныс күрт жоғарлады. Құрт пен ірімшікті жеп, айран ішетін ағайын көбейді. Әсіресе саумал мен қымыз дефицитке айналды. Осының арқасында, бие байлап отырған шаруашылықтар жұмысы гүлденді. Соның бірі Көксай ауылы маңындағы қожалық.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жаңа сауылған мына бие сүтін ішу үшін жұрт мұнда таңғы 5 тен бастап кезекте тұрады. Оның өзінде жетпей қалуы мүмкін екен. Тіпті біздің түсірілім тобыда мына бір шыны саумалға ішу үшін кезекте 40 минуттан аса тұрды. Осыған қарап, тұрғындар пандемия кезінде ұлттық сусынның қадірін бұрынғыдан бетер түсінгендей ме деп қалдық.


Биебау қожайыны жылқыны таңғы бестен бастап, әр екі сағат сайын сауады. Сұраныс жоғары. Саумалды әп сәтте 200 адам талап алып қояды екен.

Жанна ІЗЕТОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күнде келеміз. Осындай түскі уақытта келеміз. Немесе азанда. Өзімнің денсаулығым үшін кішкене иммунитетімді көтеріп, вирусқа да жақсы деп жатыр.

Нұржәмила ҚӘДІРХАНҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Маған рак деген диагноз қойылған. Таңертең 6 жарым - 8 дерде келемін. Кезек көп көрдіңіз ба, жетпей қалады. Келесі саумалға қалып отырамын. Отыз үш күн іштім. До резулатат анализдерім мен после анализдеріме врачтар не іштіңіз деді?


Айтса, айтқандай. Қымыздың шипасын талай ғалым растады. Аллергологтар да саумалдың аллергияға қарсы мықты ем екенін айтады. Ал, дерматологтар болса қымыздың құрамында А, В, С және Д дәрумені көп екенін дәлелдеді.

Айнұр ҚАЮПОВА, ДӘРІГЕР-ДЕРМАТОЛОГ:
 
Қымыздың саумалдың құрамындағы сүт ол албуминдік типке жатады. Екі тип болады. Альбумин және казеин. Сол альбуминдік тип ана сүтіне жақын. Құрамындағы аминқышқылдары, ақуыз, қасиеті бойынша өті жоғары.

Сұраныс қымыз бағасын күрт көтеріп жіберді. Өткен жылы Алматы базарларында қымыздың литрі 500-600 теңге еді. Биыл ол 1,5 мың теңгеге жетті. Бірақ, қымыз қаптамада қатып жатқан антибиотик емес. Ол, иммунитетті шынайы көтеретін табиғи, қазақы сусын.

Ә. Лесбек