Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2020
  • 2748

Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетіне шетелдік "нарко барондар да" қызыға бастағанға ұқсайды. Олардың бірнешеуі Теректі ауданынан ұсталды. Олар, аудан орталығынан үй алып, ішін заманауй технологиямен әбден жабдықтаған. Сөйтіп олар, синтектикалық есірткі заттарын өндірістік көлемде шығара бастапты.

Аудан орталығында, елдің көз алдында тұрған жасырын цех ішінен химиялық қоспалардың сан алуан түрі табылды. Зертхана дәл "голливуд киносындағыдай" жабдықталған. Лаборанттары Ішінде арнайы химиялық костюммен жүріпті. Үйдің ауласы да есірткі заттарына тар емес. Көмулі жатқан бір мың литрлік арнайы бөшкелер табылды. 11 келі синтетикалық есірткі қаптамада дайын тұр. Бұл ел ішінде тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі.

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ұсталғандар - Украина азаматтары. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу жалғасып жатыр.

Оралды синтетикалық есірткі орталығына айналдырғысы келген Украин азаматтары абақтыға қамалды. Олар өңірге көктемде келіпті. Әуелі нарықты зерттеген. Сосын ресми серіктестік ашып, көлік алған. Артынан "Теректі" көрмеген өндіріс орнын жолға қойды. Шетелдіктерге қатысты сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е. Карин