Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымдаған келіншекті аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2020
  • 2175

Алматылық дәрігерлер өкпесі 96 пайызға зақымданған келіншекті құтқарып қалды. 56 жасар келіншек COVID-19 кеселімен бірге, екі жақты пневмония індетіне шалдыққан екен. Науқас жансақтау бөлімінде 10 күн ем қабылдап, дәрігерлер арқасында аман қалды.

Берікжан БАЙМҰХАМБЕТОВ, АНЕСТЕЗИОЛОГ- РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕР:

Ауруханаға жеткізілген кезде науқастың ағзадағы оттегінің мөлшері 36 пайыз ғана болды. Ал, өкпесі 96 пайызы зақымданған. Шұғыл жасанды демалдыру құрылғысына қосылып, қажетті көмек көрсетілді. Қазір науқастың өміріне төнер қауіп жоқ.


Айта кетейік, Алматыда соңғы бір тәулікте короновирус жұқтырғандардың саны 220 адамға артып, сегіз мыңға жетті. Ал, облыста індетке шалдыққандардың саны 3200-ден асты. Соның 79-ы соңғы тәулікте тіркелген.

А. Кемелжан