Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайға 20 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2020
  • 2496

Қостанай облысындағы медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Жыл басынан бері өңірге 2,5 миллиард теңгенің өнімі  жеткізілген. Қазіргі таңда жылдық жоспардың елу пайызы орындалып отыр. Аймақ ауруханалары 700 мың дана антибиотиктің 23 түрін алған. Жұқпалы індеттің өршуіне байланысты тағы 384 миллион теңгеге қосымша  медициналық өнімдер алу жоспарланды. Аса қажетті препараттардың алғашқы легі Қостанай қоймасына түсірілді.

Орал БЕКМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл үкіметтен келген.Негізі ақша әдейі бөлініп мынау дәрі-ідрмекті сатып алып, содан кейін бүкіл аймақтарға жіберген сол үкіметтің жұмысы.Ертең дәрілер барлық аптекаларға үлестіріледі.Ең бірінші сол науқастарға сол аймақтарға біз үлестіреміз.


Ресей мен Үндістан өнімін Алматыдан жеткізу «Іңкәр» серіктестігіне  жүктеліп отыр. Әкімдік тарапынан арнайы жүк көлік бөлінген. Дистрибьютордің Қостанайдағы филиалы жүкті дереу дәріхана желілері арқылы таратып, дәрі-дәрмекті жан-жаққа жеткізеді.

Жанат ЫСҚАҚОВ, «ІҢКӘР» ЖШС ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бір күннің ішінде қабылданып,облысқа таратылады. Біз тез арада дәріхана желілері мен жеке дәріханалар арқылы препараттарды тұтынушыларға жеткізуге тырысамыз. Дәрі-дәрмекке сұраныс өте жоғары.


Айта кетейік пандемияға байланысты аймақ бюджетінен 300 миллион теңге бөлінді. Қомақты қаражат Қостанай облысындағы дәріхана желілері мен фармацевтикалық фирмаларға бағытталып отыр. Қаржылай көмекті алуға ниет білдірген үш серіктестік аймақ тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Қайтарымды қаражат жыл соңына дейін үстемақысыз беріледі.

З. Санай