Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем елдері де карантин режимін қайтадан енгізе бастады

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2020
  • 2395

Түрікменстанда коронавирус жоқ.  Ресми Ашхабад бүгін осындай батыл мәлімдеме жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мұны растап отыр. Себебі, Түрікменстан үкіметі індеттің таралуын болдырмау үшін сақтық шараларын алдын-ала қарастырып қойған. Алайда, мұндай жетістікпен мақатана алатын ел аз. Мәселен, жапондықтар дабыл қақты. Күншығыс елінің астанасында өткен бір тәулікте 300-ге жуық адам қытай індетін жұқтырыпты.

Юрико КОИКЭ, ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ:

Жұқтыру дерекетері әлі де есептеледі. Дегенмен бір тәулікте 280-нен көп адамның індет жұқтыру үрейлі. Жағдайды ушықтармау үшін шалдыққан адамдардың оқшалануын өтінемін.

Ал, АҚШ-ғы жағдай әлдеқайда қорқынышты. Карантин режимі екінші рет енгізілгеніне қарамастан кейбір штаттарда жағдай ушығып кеткен. Бұл экономиканы құлдыратты. Шағын және орта бизнестің банкротқа ұшырау қауіпі бар.

Исаак МЕДЖАЙЯ, КӘСІПКЕР:

Біз 4 күн жұмыс істеп үлгердік. Ашылмай жатып жабылып жатырмыз. Қызметкерлерге кеткен шығын шаш етектен. Жалдама ақысын төлеу ол бар. Жағдай тым қиындап кетті. Алда не боларын болжау қиын.

Латын Америкасы, Африка мен Еуропада дәл осы жағдай. Бизнес күйіп барады, ал індет тым шапшаң тарап жатыр. Бразилияда мысалы тәулігіне 1,5 мың адам ковидттен қайтыс болып жатыр. Кейбір елдер карантин режимін қайта енгізуге мәжбүр. Ресми дереккке сүйенсек, қазір әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 13 миллионнан асты. Пандемия салдарынан көптеген елдерде иммунды бағдарламалар тоқтап қалды. Осының кесірінен короновирус балаларға да қауіп төндіре бастады. COVID-19 ғана емес өзгеде аурулардың өршуі әбден мүмкін. Бұл ақпаратты БҰҰ растады.

Ғ.Өтемісов