Русский Сайттың толық нұсқасы

Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 19 шілдеге дейін ұзартылды

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2020
  • 1685

Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 19 шілдеге дейін ұзартылды. "Бұл шешім карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты", деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі. Өтініштер "Ұлттық тестілеу орталығының" ресми сайты арқылы қабылданады. Тестілеу тамыздың 1-нен 15-не дейін жүреді. Қорытындысы туралы электронды куәлікті жеке кабинет арқылы алуға болады. Білім грантына үміттілерден, өтініш тамыздың 16-20 аралығында қабылданады.

Ә. Өмірзақ