Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының кәсіпкерлері дәрігелерге көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2020
  • 2450

Қызылорда облысында COVID-19 бен пневмония індетіне шалдыққандарға арналған қосымша стационар ашылды. 760 орындық аурухана қажетті медициналық құралдармен толықтай жабдықталған. Дәрігерлер де жеткілікті. Жалпы алғанда аймақта короновирус инфекциясымен 3,5 мыңға тарта дәрігер күресіп жатыр. Дені күні-түні ауруханадан шықпайды. Мұны жергілікті халық жақсы біледі. Қызылордалық кәсіпкерлер дәрігерлер қол ұшын созды. Олар, дәрігерлерді үш мезгіл ыстық тамақпен, жеміс - жидек, қымыз, шұбатымен қамтамасыз етуде. Ауруханаларға жасанды өкпе желдеткіші сияқты бірнеше қажетті жабдық алынды. Провизорлық орталықтардың бірі Қорқыт - Ата атындағы мемлекеттік университетінің бесінші жатақханасына орналасты. Фтизиопульмоноголия орталығы да уақытша жұқпалы аурулар емдейтін мекемеге айналды.

Әділбай МЕДЕТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕҢСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Ол біздің облыстық психикалық деңсаулық орталығының базасында.   Қазіргі таңда 252 сырқат бар. 97 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді: рентген, кислородный баллон, бүкіл медикаменттердің. Ең бастысы - қорғаныс киімдері. Көп рахмет айтамыз кәсіпкерлерге жергілікті.

Алма АСҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:

КВИ науқасы анықталған, зардап шегіп отырған науқастардын барлығы бізге басқа жерлерден ауыстырылып жатыр. Бізде жаңсақтау бөлімі бар. Және 4 бөліміміз бар. Науқастарға қажетті, вирустарға қарсы препараттар, антибиотиктер, симптоматикалық препараттар жеткілікті.

 
Облыстық деңсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақтағы 76 өкпені жасанды желдету аппаратының 64 толыққанды жұмыс істеп тұр. Деңсаулық сақтау министрлігіне тағы 63 аппараты қажет деген өтінім берілді.

Ш. Сактапова