Русский Сайттың толық нұсқасы

Степногор тұрғыны құқыққорғаушылардың заңсыз әрекетіне шағымданды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2020
  • 2347

Степногорде тағы шу. Ақмола облысының тұрғыны құқыққорғаушылардың заңсыз әрекетіне шағымданды. Өзін «жәбірленушімін» деп таныстырған Данияр Ысқақов 5 күн отырып шыққан Оны жерілікті полиция "бұзақылық жасады" деп айыптапты. Артынан ол тәртіп сақшыларының Заңсыз әрекетін дәлелдеп сотта жеңіп шықты.

Даниярдың айтуынша ол ешқандай бұзақылық жасамаған. Керісінше белсенділік танытып, бірнеше дүкеннің заңсыз әрекетін әшкерелепті. Ол, бұған дейін де жергілікті атқақонарлардың атүсті жұмыстарын жариялаған. Әділдікті талап етіп әділетсіздік құрбанына айналған ол "Астана" телеарнасынан араша сұрады.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Даудың басы Ысқақовтың арызы. Редакциядан көмек сұраған Степногорск тұрғыны бұған дейн де бірнеше заңсыздықтың кұрбаны болған. Ал соңғы рет менің артымда тұрған апатты емхана жайлы азірленген материалдан соң кұқыққорғаушылар мен медицина мамандарынан көрсетілетін қысым мүлде күшейді деп отыр.


Данияр ЫСҚАҚОВ, ШАҒЫМДАНУШЫ:

Учасковой маған айта бастады. Ертең сені соттап жібереміз. Бүйтеміз, сүйтеміз. Алдында УВД-да ұрып тастады мені. Саусағымды сындыры, аяғымды сындырды. Гипспен жүрдім қанша күннен бері. Үш күннен соң ғана шештім.

Данияр Ысқақов әділдік іздеп талай мекменің табалдырығын тоздырған. Жауаптылар, әдетінше «Шешеміз» деген жауаппен қайтарыпты. Қалалық полиция басқармасының басшысы бізбен сұхбаттасуға құлық танытпады. Артынан, соттың шешіміне сәйкес әрекет еткенін жеткізді.

Сәкен ӘБІЛМӘЖІНОВ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Айыпталушы екі рет бұзақылықпен ұсталған. Ал соңғы әрекетінде сот 5 күнге әкімшілік жауапқа тарту туарлы шешім шығарды. Біз соттың шешімін орындадық. Егер тұрғынның қандайда бір шағымы болса, онда жоғарыдағы құзырлы органдарға шағымдансын.

Данияр Ысқақов бұған дейін де облыстық басқармаға талай арызданыпты. Іс орнынан қозғалмаған. "Баяғы жартас сол жартас". Данияр енді, Бас прокуратураға шағым түсірмек.

Ғ. Өтемісов