Русский Сайттың толық нұсқасы

Күзге дейін барлық ауруханалар жасанды тыныс алу аппаратымен қамтылуы тиіс - Асқар Мамин

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2020
  • 1370

«СҚ-Фармация» шілденің соңына дейін барлық аймақты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі тиіс. Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Мемлекеттік компания сондай-ақ елдегі бүкіл аурухананы жасанды тыныс алу аппараттарымен қамтамасыз ету керек. "Осылайша елдегі эпидемиологиялық жағдайды реттейміз", деді Премьер-министр. Ал, министрліктер, қажетті жұмыстарды қолға алуы керек.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер екі апта ішінде оттегі концентраторы мен медициналық газдардың өңірлерге толық көлемде жеткізілуін қамтамасыз етсін.


Денсаулық сақтау министрлігі, елі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деп мәлімдеді. Коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 4-тен 2,1 пайызға азайыпты. Дегенмен Алексей Цой, тестілеу зертханаларын көбейту керек, деп отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 42 миллиард теңге қажет.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Тестіден өткізу күші 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін жететін болады.  Зертханаларды толық жарақтандыруды ескерсек, қыркүйекке дейін бұл көрсеткішті тәулігіне 64 мың-ға жеткізуді көздеп отырмыз.

Бұдан бөлек жиында ішкі өндірісті дамыту тетіктері де қаралды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, мақұлданған 2 мыңға жуық жоба алдында бюрократиялық кедергілер көп. Мысалға, Үкімет бекіткен кейбір жобаларға банктер несие бөлмей созып жүріп алады.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Ауыл шарушалық өніміне толығымен 100 пайыз айналым ақша берілсе екен деген ұсыныс жасап отырмыз. Тамақ және өңдеу саласында да осындай жағдай жасалса дейміз. Ұлттық банкпен келісілген күздегі астыққа 100 миллиардтан қалған ақшаны бөлуді қарастырамыз. Тағы бір үлкен мәселе бантермен бірігіп мерзімді созбай, мақұлданған проекттерге қолдауды жеделдету. 

Қаржы министрлігі де Үкімет басшысынан бір тапсырма жүктеп шықты. Ол, мүдделі органдармен бірлесіп отандық тауар өндірушілерге кедергі келтіретін барьерлерді жою тиіс. Жаңа алгоритмнің дайындалуына Асқар Мамин бір апта уақыт берді.

Ғ.Өтемісов