Жерге алып астероид жақындап келеді. НАСА ғалымдарының есебіне сенсек аспан денесі қарашаның 29-да Жердің қасынан ұшып өтеді. Астероидттің диаметрі 370-тен 820 метрге дейін. Ол, шамамен 5 футбол алаңына тең. Астероидты ғалымдар 153 201 деп атады. Ол, Жерден 4 млн шақырым қашықтан, секундына 25 шақырым жылдамдықпен өтуі тиіс. Бұл алып астероид 2000-шы жылдан бері белгілі. Күнді ол шамамен 318 тәулікте бір рет айналады екен.
Д. Мұхаммедкәрім