Павлодарда Қылмыстық атқару жүйесінің өңірлік департамент шенділеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Оған Фейсбук желісінде тараған жазба себеп болған. Онда, АП 162-де 2 түрмесінің қызметтік кабинетінде, мекеме бастығы, орынбасарлары, департамент бсшылары және көрші түрме бастығының орынбасары бірігіп ішімдік ішкені жазылған.
Қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі Қылмыстық атқару комитетінің жеке бас қауіпсіздігі басқармасы, Павлодар облысының Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті бұзды деген ақпаратқа байланысты тексеруді бастады. Оның нәтижелері бойынша тиісті шара қолданылатын болады.
Әлеуметтік желіде бұл келеңсіздік 17 шілде күні түңгі сағат он бір жарымда болғаны хабарланған. Полиция департаменті оқиға орнына жеткенде Қылмыстық атқару жүйесінің өңірлік департамент басшысы көлікке отырып, жылдамдықты асыра қашып кеткен. Ал, оның орынбасары қайда барарын білмей дәретханаға жасырыныпты. Ұсталып қалған түрме басшылығы медициналық тексеруден өтуге қарсылық білдірген екен. Парақша авторы бұл жайттың бәрі бейнетаспаға түсірілгенін, бірақ ол материалдың жойылып кетуі мүмкін, деп жазған.
Ө. Қуанар